On-line консультант

«Астана Медиа Орталық» телерадио кешені

Медиа-орталық техникалық жарақтандырылуы және студияларының ауқымы жөнінен посткеңестік кеңістіктегі ең бір ірі кешенге айналмақ. Кешеннің жалпы аумағы - 75,5 мың шаршы метр. Кешен құрамында аппаратты-студиялық блоктар, көп арналы телетарату блогы, көп арналы радиотарату блогы, 1 000 орындық киноконцерт залы, ұлттық медиа-мұрағаттың аппараттық кешені бар. Орталықтың негізгі мақсаты - мемлекеттік телеарналардың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай стандарттарға келтіру, медиа-кеңістікті ұлттық медиа-контентпен толтыру, эфирлік сандық телевидение мен радиотаратуға өту, электронды медиа-мұрағатты құру.

Нысанның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жоспарланған.


Артқа