On-line консультант

Хазрет Сұлтан Мешіті

2012 жылдың 6 шілдесінде, қасиетті жұма күні мемлекетіміздің кіндік қаласы Астанада Орта Азиядағы үлкен ғибадатханалардың бірі «Әзірет Сұлтан» мешіті Елбасымыздың қатысуымен есігін айқара ашты.

Астананың орталығында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мешіті бір мезгілде 5 мың, ал мұсылман мерекелерінде 10 мың адамды қабылдай алады. Мешіт қазіргі таңдағы әлемдік архитектураның барлық талаптарын сай. Жаңа мешіт ­– қазақ халқының рухани байлығы мен ұлылығын айшықтайды және елорданың әдемі сәулеткерлік ғимараттарының бірі.

Жаңа «Хазірет Сұлтан» мешіті Қазақстан мұсылмандарының көп салалы рухани және мәдени-ағарту орталығына айналады. Әр діннің негізінде бейбітшілік пен мейрім жатады. Ислам діні басқа әлемдік діндер сияқты ізгілік пен бейбітшілікке үндейді. Мерекемен құттықтай отырып, «Хазірет Сұлтан» мешіті халқымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Артқа