On-line консультант

Астана Арена

Астана Арена — 30 000 орынды Қазақстан Республикасының ең үлкен стадиондардың бірі. 10.000 шаршы метр көлемді жабындысымен қамтамасыз етілген жылжымалы жүйесі бар, әлемдегі осыған сәйкес әлемдегі алты  ғимараттың бірі. Стадионның 2009 жылғы 3 шілде күні тұсауы кесіліп, «Локомотив» командасы мен Қазақстанның жастар құрамасы стадион алаңында ең алғашқы ойынын ашты. Белгілі итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллин жарысқа төрешілік етті, оның ысқырығымен ең алғаш доптың символикалық соққысын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев берді.

2009 жылдың 14-ші қазан күні стадионда ең алғаш рет ұлттық құрамалардың ресми жарысы өтті: 2010 жылдың әлемдік чемпионатының біліктілік турнир аясында Қазақстанның құрамасы Хорватия құрамасымен кездесті.

2009 және 2010 жылдары стадионда футболдан Қазақстанның кубогы үшін финал ойындары, 2010 және 2011 жылдары футболдан Қазақстанның бас суперкубогы үшін ойындары өтті.

Сонымен қатар 2011 жылы стадионда 7-ші Қысқы Азиялық ойындарының ашылу салтанаты да өтті.


Артқа