On-line консультант

Тәуелсіздік сарайы

2008 жылғы 15 желтоқсанда «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК-ның ашылу салтанаты өтті.

«Тәуелсіздік Сарайы» мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Ішкі құрылымы қатаң шешімдер мен жайлылық эстетикасының үйлесімділігі болып табылады. Тәуелсіздік Сарайының құрылымы:
  • Конгресс зал;
  • Рәсімдеу залы;
  • Пресс-орталық;
  • Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы
  • Қазіргі заман галереясы;
  • Астана тарихы мұражайы;
  • 4D кинотеатры ;
  • 360 град. кинотеатры
  • Электронды кітапхана;
  • Макет залы;

Артқа