On-line консультант

Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік және келісім сарайы — Қазақстан астанасы Астанада бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостермен салынған пирамида. Сарай 2006 жылы «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» өткізу үшін арнайы салынған. Сарайдың 1500 орынды Концерттік залы Монтсеррат Кабальемен ашылды.

Ғимарат негізінде — шаршы бір жағымен 61,80339887 метр, биіктігі — 61,80339887 метр, бұл «Фибоначчи кесіндінің теп-тең етіп екіге бөліну» принципіне сәйкес келеді.

Бейбітшілік және келісім сарайы  — Астананың назар аударарлық орны. Пирамида әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халық пен елдің ашықтық белгісі болды. «Бейбітшілік және Келісім Сарайын» салу ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің идеясы. Дәстүрлі дін және конфессия басшыларының басқосуларын өткізу үшін пирамиданың  жоғарғы жағында Қазақстан байрағының ұлттық түсімен әшекейленген 200 орындықты зал орналасқан.

2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде әлем діндерінің Екінші сьезі өтті.

Жобаның авторы атақты британ архитекторы Норман Фостер.


Артқа