On-line консультант

Авторлық асханасы бар Black Duck

Авторлық асханасы бар Black Duck мейрамханасы Астана қаласындағы ең элиталық тұрғын кешенінде орналасқан. Мейрамхананың абсолютті жаңа құбылысы мен мақтанышы – бұл ішкі көрінісі мен бас аспазшының ұсынған асханасының үйлесуі. Өзіне ғана тән үйрек тағамдары «Black Duck»  -  «Қара Үйрек» мейрамхананың атауынан анықталады.  Таңдамалы үстелді жабдықтау, танымалы авторлық бренд үлгілерімен жабдықталған жиһаз, авторлық асхананың тағамдары – барлығы ерекше үлгіде берілген.

Бас аспазшының ұсынған эксклюзивті тағамдарына диеталық және балаларға арналған тағам түрлері де кіреді. Таңғы ас, арнайы шақырылған түскі ас, кешкі той-томалақтар – әрбір мерекелік шараға ерекше көңіл бөлінеді.

«Үйдің тағамындай өте дәмді!» Бұл мейрамхананың бас аспазшысына айтылған ең ұнамды марапат деуге болады. Бұл сөз орамы мейрамхананың ашылуы кезінде және дамуының басты стратегиясының идеясы болған, әрі бола береді де. Тұрғын үй кешені тұрғындарының ең басты артықшылығы – әрбір пәтерде орналасқан One Vision интерактивті теледидар арқылы үй табалдырығын аттамай, тағамдарды таңдап, тапсырыс бере алуында.

Мейрамханаға барудың көптеген себептері бар. Қандай да бір себеп болмасын, Сіздің әрдайым келіп кетуіңіз өзіндік бір жағымды естеліктерін қалдырады.

«Үйдің тағамындай өте дәмді!», деп Black Duck мейрамханасына келіп, бір күнінде айтасыз.


Артқа