On-line консультант

Khan SPA

Khan SPA – бұл жаттығу залы, хауыз, түрік Хамамы, фин саунасы мен массаждың түрлері, сұлулық пен денсаулықтың толық бағалы құндылықтары бар орталық.

Кәсіби кеңесшілер Сізге арнайы өз салмағыңызға қажетті жаттығулардың түрлері мен жаттықтырушының қызмет ұсыныстарын бере алады, сонымен қатар жаттығулардан таңдамалы нәтиже алу үшін арнайы жеке тамақтану бағдарламасын әзірлейді.

Сізді жаңа жетістіктерге ынталандыратын фитнес жатықтырушысы мен әлемдік үлгілерге сай мазмұнды бағдарламалар дене бітімін көркем де сұлу қалпына келтіру мен денсаулықты жақсартуға зор үлестерін тигізеді. 

Энергия мен денсаулық аумағы деп Khan SPA-ны атауға болады. Дарынды дизайнерлердің көмегімен туындаған өзіндік ішкі көрініс шешімінен бастап, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ауқымды түрлеріне дейін Khan SPA өмірдің жоғары деңгейін бейнелейді. 

Күнделікті шаруадан көңіл сергіту мен тез арада өз қалпына келуге орталықтың кәсіби массаж қызметкерлері көңіл бөледі. Біздің шеберлер бас, мойын, дене, арқа массаждарының көптеген дәстүрлі түрлерімен иеленеді. Біздің шебер қызметкерлердің қолдауымен антицеллюлит техникасы таңғажайып нәтижелер береді.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындарына Khan SPA көрсетілетін қызмет түрлеріне тапсырыс беру One Vision интерактивті теледидар арқылы өз үйлерінен беруге толық мүмкіндіктері бар.

Beauty Line сұлулық орталығында жоғары деңгейлі шеберлер шаштараз қызмет түрлерінің толық нұсқасын ұсынады.

Сіз және Сіздің жақын-туысқандарыңыз Khan SPA орталығына бір келгеннен ғашық болады!


Артқа