On-line консультант

Интерактивті теледидар

Біздің операторымыз тұрғын үй иегерлеріне басқа кабельді теледидардан интерактивтілігімен ерекшеленетін IPTV қызмет қоржынын ұсынады. Бұл технология эфир кестесіне бағынбай, өзі қалаған бағдарламалар мен телехабарларды тұрғын үй иесі үшін ыңғайлы уақытта тамашалауға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар «кесте бойынша өмір сүру» мүмкіндігі де сақталады.

Басты қызметі – теледидарлық каналдардың көпхабарлы ретрансляциясы немесе IP-теледидары болып табылады. Тұрғын үй иесіне ай сайын абоненттік төлем төленетін белгілі бір арналар жиынтығы беріледі. IP-теледидарының интерактивті жүйесінің арқасында абонент, сондай-ақ бірқатар қосымша қызметтер тізіміне де қол жеткізе алады.  

IP-желілері (IPTV) бойынша таратылатын сандық теледидары, операторлар жүзеге асыру барысында өз клиенттеріне телеарналарды интернет хаттаманы пайдалана отырып трансляциялауды ұсынатын қызмет болып табылады.

Өйткені, IPTV «ғаламтор» тілімен сөйлейтін болғандықтан, бұл желілік жүйе қатынас пен ойын-сауықтың барлық формаларын біртұтас икемді, толық интегралданған интерактивті инфрақұрылымда сәйкестендіру есебінен Интернет әлемі мен теледидар әлемін бір жерге түйістіру мүмкіндігіне ие.


Артқа