On-line консультант

Rixos Khan Shatyr Residences

 

 

 

Rixos Khan Shatyr Residences – бұл қазіргі заманға сай кеңселер орналасатын 6 тұрғын үй кешенді мұнара мен 2 мұнарадан тұратын бірегей кешен.
Қазіргі кезде салынған алғашқы 2 ғимарат – Астана қаласындағы ірі көлемді жобаның бастамасы ғана.

Rixos Khan Shatyr Residences – бұл 25 қабаттан тұратын тұрғын үй кешені (сол жақтан екінші ғимарат).

Резиденцияның сырбаз вестибюлі – бұл бүкіл кешеннің бет-әлпетті. Жүзі жайдарлы швейцар, жайлы жиһаздар, ілмелі шамның жарығы, әдейілеп таңдалған ішкі көрініс кешеннің табалдырығын аттағаннан бастап үйдің жайлы жағдайы мен тынымына әкеледі.

Автокөлікті қоюға арналған ыңғайлы жабық және ашық тұрақтар Сіздің көлігіңізді ыңғайлы қоюға жағдай береді және ол тәулік бойы күзетшінің мұқиятты қарауылында болады.

Сәулетті дизайн мен витражды терезелер Сізге жеке өміріңіздің құпиялылылығы мен қорғанысын қамтамасыз етіп, кез-келген уақытта Астананың көрікті көрінісімен ләззаттануға мүмкіндік береді.  
Құрылыстың арнайы түзілістері қатты желден қорғауды қамтамасыз етеді, ал терезенің үш қабатты шынысы Сізді қыстың ызғары мен аязынан сақтайды.

Барлық пәтерлер қазіргі заманға сай желдету мен жылыту жүйелерімен, бүкіл пәтердің ауданы бойынша өткізілген еденді жылыту жүйесімен және жаңа технологиялар саласындағы басқа да жетістіктермен қамтамасыз етілген.

Ғимарат үш жолаушылар жеделсатысы мен бір дыбыссыз шапшаң жүк тасымалдау жеделсатысымен қамтылған.  

Таза өрнектегі пәтерлердің төбесінің биіктігі – 2 метр 85 сантиметр.

Ғимарат жайлы

Пәтерлердің түрлері

Модельдік пәтерлер

Инфрақұрылым және қызметтер

Фотогалерея